«Орталық стадион» ЖШС егде тартқан адамдарға көп көңіл бөледі. Бізде бірнеше жылдар бойы егде жандарға арналған денсаулық тобы жұмыс істейді. Осы дене шынықтыру-сауықтыру үйірмесіне қаланың кез-келген зейнеткері тегін қатысуына болады. Жаттығулар швед қабырғасы, гимнастикалық төсеніштері бар әмбебап спорт кешенінде өтеді.
Манежде мүлде естімейтін және шала еститін спортшыларға, сондай-ақ «Спешиал Олимпикс» ұйымының мүмкіндігі шектеулі балалардың жаттығуларына уақыт бөлінген.
2016 ж. 12-13 ақпанда Орталық стадионның манежінде Алматы қаласының ФГУ «СП и АСР» бөлімдері арасында, қызметін атқару кезінде қайтыс болған Алматы қаласы ДЧС қызметкері Б.Т.Ахметовты еске алуға арналған шағын футболдан жыл сайынғы турнир өтті.