5. Орталық стадионның тарихы клуб құрылған алғашқы күннен бастап етене жақын болып кеткен алматылық «Қайраттыңә жеңістерімен тығыз байланысты. 1960 жылы «Қайрат» КСРО чемпионатының жоғары тобында өнер көрсеткен Қазақстандық алғашқы команда болды. Ал үш жылдан кейін команда КСРО Кубогы үшін жарыстағы жартылай финалды, қосалқы уақытта ғана Донецкінің «Шахтерінен» 1:2 есебімен ұтылып қалса да спорттық үлкен жетістікке жетеді.
1971 жылы Қазақстандық футбол клубы аса ірі халықаралық дәрежеге қол жеткізді. «Қайрат» командасы теміржолшылар Кубогын ұтып алған алғашқы Кеңестік команда болды. Бұл жеңіс оңай келген жоқ. «Қайрат» алдымен Кошиценің (Чехословакия) «Локомотивін» өз алаңында 4:1 және қонақта 1:0 есебімен ұтты. Одан соң Софияның (Болгария) «Славиясынан» өз алаңында 1:3 есебімен ұтылып, қонақта3:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алады. Финалдық қарсыласы Бухарестің (Румыния) «Рапиді» болды. Алғашқы кездесу Бухаресте өтіп, есеп 1:1-мен аяқталды. Отыз екі мың жанкүйер жиналған қарымта ойын Алматыда өтіп, «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жетеді.
1986 жылдың қазан айында “Футбольное обозрение” журналының сұрау салу қорытындысы бойынша ХХ-КСРО чемпионаты жоғары Лигасының командалары арасындағы үздік соғылған доптың авторы болып, “Қайрат” командасының жартылай қорғаушысы Вахид Масуров аталды. Доп Орталық стадионда өткен ойында днепропетровскілік “Днепр” командасына соғылған еді.
2002 жылы Орталық стадионның футбол алаңы алматылық клубтың УЕФА кубогі үшін жарысындағы алғашқы ойынның куәгері болды. “Қайрат” Югославиялық Белградтың әЦрвна звезда” командасына есе жіберді (өз алаңында 0:2 және қонақта 0:3 болып ұтылып қалды). 2005 жылы “Қайрат” чемпиондар лигаснда ойнау құқығына ие болды. Жеребе біздің команданы Словакияның “Артмедия” клубына шығарды. Қайраттықтар Алматыда 2:0 есебімен ұтып, қарымта ойынның қосалқы кезеңінде 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Шешуші допты “Қайрат-Алматы КТЖ” командасы 120+1-минутта соққызып алды. Еврокубок ойындарында “Қайрат” үшін сәтті маусым 2015/16 жылдар болды. Алматылық клуб УЭФА кубогінің топтық жарыстарына бір-ақ қадам жетпей тоқтады. Француздың “Бордо” командасын өз алаңында ұтқанымен, қарсыластар қонақта соққан доп есебінен жеңіске жетіп кетті. Ал жалпы есеп 2:2 болатын.
Орталық стадионның аренасы көп уақыт бойы Қазақстан республикасының футбол құрамаларының өз ааңдарына айналды. Онда Қазақстанның ұлттық, жастар және әйелдер құрама командалары ойнады.
2002 жылдың 7 шілдесінде Қазақстанның қлттық құрама командасы өзінің бірінші ресми жолдастық кездесуін Этония құрамасымен өткізіп, есеп 1:1 болып аяқталды. Қазақстан құрама командасының алғашқы добын шабуылшымыз Олег Литвиненко соқты. 24.03.2007 ж. Сербия құрамасын ұтқан Қзақстан ұлттық құрама командасы.
2004 жылдың 8 қыркүйегінде стадион, УЭФАның толық қанды мүшелігіне өткен Қазақстан құрама командасының әлем чемпионатының іріктеу жарысындағы алғашқы ойынын өткізді. Украина құрамасымен ойынды тамашаауға стадионға лық толған жанкүйерлер жиналған тартысқа Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Орталық стадионда Қазақстан құрама командасы өзінің ең үлкен жеңісіне қол жеткізді. 2007 жылдың 24 наурызында еуропалық командалардың озық ойыншыларынан жасақталған Сербия құрамсын біздің жігіттер 2:1 есебімен тізе бүктірді. Орталық стадион ұлттық құраманың өз аренасы ретінде, Англия және Португалия сияқты еуропалық үздік құрама командаларды қабылдауп, көрермендер болса Давид Бекхем, Рональдо Криштина секілді аяқдоп шеберлерінің ойындарын тамашалады.