Қайрат» ойын соңындағы 11 метрлік доп соғу арқылы Суперкубокты жеңіп алды

Ойынның басталу маусымы қашан да асыға күтетін және салтанатты сәттер, әсіресе мәселе үлкен Олжасын (трофей) туралы болса.

Астана ФК-ның ойын басындағы негізі құрамы: Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Марин Аничич, Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Патрик Твумаси, Джордже Доспотович, Дмитрий Шомко, Серикжан Мужиков, Таңат Носербаев.

50. «Қайрат» ФК-ның ойын басталардағы негізгі құрамы:
Владимир Плотников, Исаэл Барбоза, Жерар Гоу, Анатолий Тимощук, Жарко Маркович, Бруно Соарес, Лукаш Тесак, Михаил Бакаев, Аслан Дарабаев, Бауыржан Исламхан.

Футболдық өларада “Қайрат” пен “Астана” командаларында елеулі өзгерістер болғанымен, кездесу басталардағы 11 ойыншыларға оның қатысы болған жоқ. Стойловтың командасында алғашқы минутта жалғыз жаңа ойыншы Джордже Деспотович болса, Александр Бородюкте де бір ғана кірме ойыншы- Лукаш Тесак шықты.

“Астана” ойынның басында тез доп соғуға тырысып жылдамдық таныта бастады. “Қайрат” бұл әрекетке дайын болып шықты. Ел чемпионының екпінді ойынына қамалдай қорғаныс құра білді.

Алғашқы 15 минуттан кейін басқа футбол басталды-командалар кезекпе-кезек шабуылға шықты. Алдымен Плотниковқа қауіпті сәтте Нөсербаев мүлт кетсе, одан соң айып алаңына кірген Бауыржан Исламхан доптан айырылып қалды. Ойынның отызыншы минутына қарай алматылықтар тағы бір мүмкіндікті пайдалана алмады. Гоудың Дарабаевқа дәлдеп берген добы діттеген жеріне жетпеді. “Астана” Деспотовичтің нысанадан тыс кеткен қатты соққысымен жауап қайтарды.

Ойынның екінші кезеңі алғашқыға ұқсас болды. “Астана” алаңның өне бойында қарсыластарын қыспақтап, шабуылға жиі шықса, “Қайрат” оқта-тектегі оңтайлы ұмтылысымен қарсыластар қақпағына қауіп төндіріп тұрды. Ойынның осындай бір сәтінде оң қанатта доп алған Ермек Қуантаев алаңның ортасына қарай ойысып, оны Бақаевқа дәл береді. Одан әрі допты қақпаңылдаған Гоу, ұру мүмкінідігіне Бауыржанды шығарады, бірақ оның соққысына астаналық команданың қорғаушылары кесе-көлденең тұра алды. Ойынның аяқталуына 10 минут қалғанша қайраттықтар екі рет екпінді соққы жасады. Алдымен Ли, одан соң Гоу. Бірақ екі ретінде де доп қақпадан қияс кетті.

Ойынның негізгі уақыты аяқталар шақта “Қайрат” қысым көрсете бастады. Мысалы, Қуантаев Эричпен жекпе-жек шыққанымен, қақпақшы “Астананы” доп соғылудан қорғап қалды. Сөйтіп, 90 минуттық негізгі ойын уақыты жеңімпазды анықтай алмады.

Бірінші қосалқы кезеңде командалар өз қақпаларын сақтауға жалтақтағанымен, ұтымды тұстарда қарсыластар жағына ұмтылумен болды. Астаналықтардан Твумасидің доп соғу мүмкіндіктері болса, қайраттықтардан Виталий Ли қарсыластарына қауіп төндіру үстінде болды.

Екінші 15 минуттық кезең де осы тақылеттес өтті. Екі команда да доп соғуға талаптанғанымен, алды-арттарына қарамай ілгері ұмтылуға дәттері бармады. Қорытындысында доп екі қақпаның да айып алаңына жетпей кейін серпіліп жатты да есеп ашылмады.

Ойын соңындағы 11 метрлік доп соғуда “Қайрат” ұтысқа ие болды. Бізлің командада доп соққандар: Исламхан, Соарес, Риера, Тимощук, Тесак.

Дереккөз: http://www.fckairat.kz/