Жасанды көгалмен жабылған шағын футбол алаңы
Орталық стадионның төңірегіндегі жасанды кгалмен көмкерілген футбол алаңында жыл бойы Алматы қаласындағы түрлі мекеме ұйымдарының қызметкерлері футбол ойнап,, ал спорт мектептері жаттығу сабақтарын өткізеді. Бұл алаңда Алматы қаласның футбол сүйетін командаларының ең бұқаралық жарыстары өтіп тұрады. Шағын футбол лигасына (ШФЛ) 170 команда шоғырланған. Олардың құрамында 3500 адам сүйікті спорт түрімен айналысады.
Орталық стадионның манежі
Бұл Алматы қаласы Орталық стадионының төңірегіне орналасқан көптеген спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жабық спорт ғимараты. Онда: футбол, баскетбол, волейбол, регби, жеңіл атлетика т.б. спорт түрлерімен жаттығуға болады. Сондай-ақ, жоғары өрмелеу қабырғасы және түрлі жарыстар мен жаттығуларға арналған құрал-жабдықтар бар. Бұл ғимаратта күрес Федерациясы палуандарының жаттығу жиындары өтіп, жаттықтырушылар жеке дайындық жүргізеді, қала спорт клубтарының жиындары ұйымдастырылады.
Бокс залы
Бокс залы-Орталық стадионның шығыс мінбері жағына орналасқан арнайы жабдықталған спорттық бөлме. Бокс залында түрлі бокс мектептерінің жаттығулары тұрақты түрде өтіп тұрады, сондай-ақ спорт клубтары мен жеке жаттықтырушылар спортшыларының жекпе-жек күрестің басқа түрлерінен де жаттығулар өтеді.
Әмбебап спорт залы
Паркетті, сәкі, айна, су бұрқақ жуынғыш орын, бөлікті шешіну орны бар әмбебап спорт залы түрлі жаттығулар ұйымдастырып өткізуге арналған.