Он гектардан аса жерді алып жатқан Алматы қаласының Орталық стадионы аса сирек кездесетін бірегей спорттық ғимарат. Архитекторлар: А. Капанов пен А. Косов. Құрылыстың басталып салыну кезі 1955- 1967 жылдар. 30мың орындық мінбер мен үлкен спорттық алаң –бірінші кезекте салынса, жеңілатлетика жолдары мен бөлімдері 1958 жылдың тамыз айында қолданысқа берілді. Бұдан соң – кіші спорт алаңы, футбол – атлетикалық жаттығу кешені, қысқы жаттығу манежі, спорттық алаңшылар салынды.
Орталық стадионның құрамына (Үлкен және Кішіарена, футбол алаңдары, жүгіру жолдары, спорттық бөлімдерден басқа) арнайы спорттық бокс бөлмесі, күрес, семсерлесу залдары, соңғы үлгідегі табиғи шөп төселген спорттық алаңдар кіреді. Сондай-ақ стадионға жоғары спорттық шеберлік мектебі, гимнастика, альпенизм, дзюдо,, шейпинг, Олимпиадалық дайындық Орталықтары қоныстанып отыр.
1997 жылы стадион қайта жаңғырудан өтті. Жүгіру жолдарындағы бүкіл төсенішті суланудан сақтауды қайта жөндеу, ескі ағаш орындықтар (26227 орындық )жаңа жайлы пластик отырғыштарға ауыстырылып, жаңа электронды бейнебаян (табло) құрастырылды.Алаңның көлемі – 104х70.
Стадионды пайдалануға берген кезден бастап оның алаңдарына Республикалық және Халықаралық деңгейдегі талай жарыстар өтті. Түрлі спорт жарыстарынан көптеген рекордтар жаңғыртылды. Стадион қабырғасында бокстан, күрестен, жеңіл атлетикадан спорт шеберлері шығып, үлкен футболшеберлері шыңдалды.
2009 жылы Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен Орталық стадиондатүпкілікті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Стадиондағы ескерген табиғи көгал тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда ең жақсы деп саналатын аумағы 105х80 метрлік соңғы үлгідегі футбол көгалына ауыстырылды. Бұл төселген жаппаның 25 % жасанды жіптен, ал 75 % табиғи шөптен тұрады. Осындай жаңа технологиялық құрамының арқасында, көгалдың қолданылу мерзімі әлдеқайда ұзарады. Бұны пайдалану барысында жаңа компьютерлік технология пайдаланылып, алаңдары жылыту мен оны автоматшы түрденеде суару бағдарламалық басқару арқылы жүзеге асады.
Стадионның тағы бір мақтауға тұрарлық жетістігі – соңғы үлгідегі жүгіру жолдары. Жүгіру жолдары аса жоғары сапалы «канипур- М» материалынан жасалған.Алғаш рет осындай жолдар 2008 – жылы жеңіл атлектикадан әлем чемпионаты өткен Берлинде және 2009 – жылы Еуропа чемпионаты өткен Барселонада төселген болатын.
Спортшыларға ең жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар дайындалды. Жаңа фотофиниш жүйесі және уақыт белгілеу құрылғылары орнатылды.
2011 – жылдың қыркүйек айында стадионға жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі жарыстар өткізу құқығына ие болатын, жеңіл атлетика Халықаралық Ассоциациясының (ИААФ) Арнайы Сертификаты тапсырылды. Сондай-ақ жаңа үлгідегі, доп соққан кезеңдерді көрсететін түрлі-түсті ақпараттық табло қондырғысы құрастырылды.
Алматы қаласының Орталық стадионы-қала тұрғындары үшін, спорт сүйер қауым үшін
дене шынықтыру және аса көрнекті спорт орталығы болып саналады. Стадионның басты жұмысына оқу-жаттығу жүйесі, бұқаралық-спорттық іс-шаралар мен барлық деңгейдегі жарыстар жатады.
Бүгіндері Орталық стадион спорттық өмір салтымен толық қанды тыныстауда.Оның кешендерінде өте көп адамдар жаттығады. Олар тек қана жоғарғы дәрежедегі спортшылар ғана емес, балалар спорт мектептерінің шәкірттері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері.