1. Көрермендердің құқығы
1.1. Спорт кешеніне билеті, шақыру қағазы, рұхсат құжаты барлар кіргізелді;
1.2. Іс-шараны ұйымдаструшылар мен стадион әкімшілігінің қызметтерін пайдалану;
1.3. Мінберге алып, өтіп қолданылуға болатындар:
- пластикті дыбыс шығарғыштар;
Жанкүйерлер клубы топтарының ұйымдастырушыларына:
- Ұзындығы 100 см пластик қуыс түтік таяқшаға кигізілген 80*100 см жалаушалар,
- Көлемі 60 см, биіктігі 40 см дауылпаздар;
1.4. Стадион әкімшілігінің және құқық қорғау ұйымдарының келісімі бойынша талаптарға сәйкес келетін туларды алып өтіп орналастыру;
1.5. Басқа азаматтардың қарсылығы болмаса командаларға орыннан тұрып қолдау білдіру.
2. Көрермендердің міндеті:
2.1. Қоғамдық тәртіпті сақтау
2.2. Жалпы көрермендер мен іс-шараға қатынасушыларға және тәртіпке жауап берушілерге ізетпен қарап, жанындағыларға қауіп төндіретін іс-әрекеттерге бармау;
2.3. Әкімшілік, құқық қорғау қызметі ұйымдарының өкілдереріне әс-шараға кіруге ұлықсат беретін билет, шақыру қағазы немесе құжатын көрсету, сондай-ақ, автокөліктің кіруіне ұлықсат қағазы және билетте көрсетілген орнына отыру;
2.4. Стадионға кірерде құқық қорғау органдарының арнайы тексерісінен өту;
2.5. Әкімшілік пен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңға сәйкес нұсқауларын орындау;
2.6. Күдікті зат, өрт көрінсе, түтін шықса әкімшілік пен құқық қорғау қызметінің өкілдеріне шұғыл түрде хабарлау;
2.7. Шұғыл түрде көшіру (стадионнан шығу) туралы хабардар болысмен, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және стадион әкімшілігінің өкілдерінің нұсқауларын мүлтіксіз орындап, сабыр сақтау және үрейленіп дүрлікпеу қажеттігі.
Ереженің 2.1.-2.7. тарауларын орындаудан бас тартушылар іс-шараларға жіберілмейді.
3. Көрермендерге тыйым салынады:
3.1. Спирттік ішімдіктерді алып өтіп ішуге, есірткімен өтуге, қолдануға, алкогольді және есірткелі масаң күйде кешенге өтуге;
3.2. Стадионға ату құралдарын, от қауіпсіздігі жоғары заттарды, жарылғыш, улы, пиротехникалық, жаман иісті, үшкір және кесу құралдырын, чемодан, ірі көлемді дорбалар мен түйіншектерді, шыны ыдыстарды, көрермендермен іс-шара өткізушілерге бөгет жасайтын заттарды алып өтуге болмайды;
3.3. Жабық бөлмелер мен әкімшілік тыйым салған жерлерде темекі тартуға;
3.4. Мінбер мен алаңға заттар лақтыруға және іс-шара өткізудің ережесін бұзуға;
3.5. Іс-шараға қатысушылар мен көрермендердің адамдық ар-намысына тиетін қорлау сөздерін айтып айқайлау немесе басқа да кемсіту іс-әрекеттерге;
3.6. Іс-шара өтіп жатқан кезде мінбердің кісі өту жолдарында, баспалдақтарында тұрып алып іс-шараға қатысушылар мен көрермендерге бөгет жасауға, қоршау белдіктеріне, жарық шамдар ілінген діңгектерге шығуға, стадионның құрал-жабдықтарына нұқсан келтіруге;
3.7. Алаңға, жүгіру жолдарына шығуға, спортшылар шешінетін және төрешілер бөлмесі мен басқа да қызметтік бөлмелерге кіруге;
3.8. Іс-шараларға жануарларды алып өтуге;
3.9. Әкімшіліктің жазбаша құжатынсыз стадионда сауда-саттық жүргізуге,үлкен жазбаларға, хабарландырулар жапсыруға, үнқағаздары мен басқа да ақпараттық құралдарды қолдануға;
3.10. Нәсілдік, әлеуметтік және ұлттық кикілжіңге соқтыратын белгілерді қасақана көрсетуге және тағып (іліп) жүруге;
3.11. Ереженің 3.1-3.10 тарауларын орындаудан бас тартушылар іс-шарадан аластатылады, ал заңға қайшы іс-әрекет жасайтын болса, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылады.
4. Отшашушыларды ұйымдастырып өткізу:
4.1. Отшашушыларды ұйымдастырып өткізуді заңға сәйкес, стадион әкімшілігінің, өртке қарсы тұру мекемесінің, ішкі істер ұйымы қызметкерлеріің келісімімен тек қана іс-шара басталғанға дейін немесе аяқталғаннан соң іс-шараны ұйымдастырушылар өткізеді.