Тарих

1960-жылдардағы Орталық стадион. Алматы қаласының мұражай жиынтығының фотосуретОрталық Стадионның тарихы 1954-жылданбасталады. Қазақстан КПК Орталық комитетінің Бірінші Хатш пен Қазақ ССР министрлер Кеңесінің Төрағасы Дінмұхамет Қонаевтар қатысқан бір жиналысқа Алматы қаласының жетекшісәулетшілері Б.Н.Делов, Н.И.Рипинсаий және А.Қ.Қапановтар шақырыалды. Жиналыс қорытындысы бойынша Алматы қаласында аса ірі спорттық кешен құрылысының жобасын жасауға шешім шығарылады. Болашақ кешен орны болып Арычная көшесінің жоғары жағы (қазіргі Абай даңғылы) Весновка өзені(Есентай) мен Ұйғыр көшесінің (Байтұрсынов к-сі) аралығы белгіленді. Бұл алаңнантамаша тау шыңдары көрінеді. Партия бағытымен жасалған алғашқы жобаны (қаражатты үнемдеу мақсатында сәулетті сәндендіретін артықшылыққа бармай құрылыс салуды) Брежнев құптамайды: «Жұпыны, ешкімді елең еткізбейтін кешен, екі телеграф бағанасын орнатып, оған «Стадион» деп жазуға болады. Ал, сәулеттік жоба қайда?».

ҚапановАдамбек Қадырбекович (1927-2011)Жас сәулетші Адамбек Қапановтың жобасы «тымқымбатқа» жатқызылды. Қазақстандық сәулетшілерді тәжірибе жинау үшін, «Лужники» спорт кешеніпайдалануға берілген Москва қаласына іс сапарға жібереді. Алматылық құрылыстың үлгісінде тәжірибелі әріптестердің қолтаңбасы бары анық. Құрылыстың екі түрі ұсынылды: темірбетон қондырғысы және топырақпен тығыздалған полотно (архитектор Н.И.Рипинский) еді. Бірінші Хатшы бірінші жобаны қолдайды. Аз уақыттың ішінде Адамабек Қапанов стадионның жобалық құжатын дайындайды да. 1956 жылы құрылыс жұмыстары басталып та кетеді. Стадионның құрылғысы жер сілікінісі қауіптілігі жоғары жерде орналасқандықтан, ол құрсатырмалы болып жасалды. Әр темір қаңқа мықты діңгектерге бекітіліп, оның дәнекерленетін жіктерін жымдастыру өте сапалы жүргізілді. Бүкіл діңгектер, жалпақ тақталар мен орындықтар орнатылып болған соң, олардың беріктігін құрылысшылардың өздері тексеріп көреді. «Стадионға аса көп әскерилерді жинады. Мінбердің белгілі бір жерлеріне көптеген адамдарды отырғызып, бұйрық бойынша «отыр, тұр, отыр, тұр» - деп, оларға қозғалыстық іс-әрекет жасатты. Ал, мені және менің көмекшілерім-құрылысшыларды мінбердің астына қуып тұрғызып қойды, »- деп еске алады құрылыс басшысы. Сөйтіп, Брежнев құптаған Қапановтың ғимараты сынақтан сүрінбей өтіп, берік құрылыс екенін дәлелдеген Орталық Стадион міне жарты ғасырдан астам уақыт Республика мен қала халқына қалтықсыз қызмет етіп келеді.
Футбол алаңы мен жүгіру жолдары бар. Үлкен арена 1958 жылы берілді. Кейін кіші спорт аренасы, футбол-атлетикалық жаттығу кешені, қысқы жаттығу манежі, спорт алаңы салынды.