1 маусым

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қүрметті ханымдар мен мырзалар !
«Балалар – біздің болашағымыз» деген жабаның ұйымдастыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысының туристік бизнесінің қатысуымен, сондай-ақ Алматы қалалық ҰКП мен Туризм басқармасының тікелей қолдауы негізінде Сіздерді «Балаларды қорғаудың Халықаралық Күніне» арналған мерекеге қатысуларыңызға шақырамыз.
Бұл шара 2016 жылдың 1-ші маусымында Алматы қаласындағы Орталық стадионда сағат 11-00 ден 17-00 аралығында өтеді.
Бұл шара балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылатын ішкі туризімнің дамуына және Қазақстандағы туристік индустрияның тиімді бағытында дамып, өркендеуіне, сонымер қатар осы шараға қатысушылар үшін тікелей мәлімет, хабар алып, өзара тиімді қатынас жасауға жол ашады деп ойлаймыз. Мұнда өз елдерінде осындай шара өткізгісі келетін туристік ұйымдар мен компанияларға ерекше бағыт – бағдар ұсынылуы ықтимал. Сонымен қатар экскурсия бағыттары, туристік жолдамалар басқа да көптеген іс-шаралар ұсынылады.
Мерекенің бағдарламасына біраз шара енгізілген. Атап айтқанда әртүрлі ойындар, конкурстар қамтылған. Оның жеңімпаздарына жүлделер, сый-сыяпатты заттар беріледі.
Мерекеге қатысушыларға кең тынысты жақсы, сапалы демалыс бере отырып, балалар мен ересектер жас таланттардың шығармаларын бағалауға мүмкіндік алады. Ал бұл олардың ұлттық мәдениеттерін терең түсіріп, Отансүйушіліген қалыптастыруға ықпал етеді. Мереке аясында көркемөнерпаздар мен Қазақстан эстрадасының кәсіпқой артістері өнер береді. Мерекенің өзіндік әлеуметтік сыйпаты бар. Бұл шараға келіп көріп, тамашалаушылардың емін – еркін қатысып, емін-еркін демалып араласуына, үн қосуына мүмкіндік береді. «Балалар – біздің болашағымыз» жобасының біздің қаламыз үшін кең ауқымды маңыздылығын ескеріп, ұйымдастыру комитеті бұл шараға жұрттың жаппай қатысуын қалайды. Келген қонақтар тек қатысып қоймай, оның жыл сайын тұрақты өтіп тұруына негіз қалайды деп сенеді.
Мерекелік шараға қатысудың жай- жапсары хақында, оның әртүрлі варианттары туралы талдап, ұсыныстар қосқыңыз келсе, Сіздер ұйымдастырушылармен ой бөлісе аласыздар.
Біздің мекен- жайымыз: Алматы қаласы, Чайковский кө-сі 190/82
Телефондар: +7 727 248 48 62/63 – Асель
+7 707 733 66 77 –Нургуль
+7 707 828 15 48- Айгүл
Сіздің аса мәнді де маңызды шараға қатысуыңызды қалаймыз!
Сәлеммен «Баллар – біздің болашағымыз» жобасының ұйымдастыру комитеті!